ҚР, Астана қаласы, А.Затаевича көшесі 9/7
+77172386519
urker@inbox.ru

Үйірмелер

№44 «Үркер» балабақшасы МКҚК

Created with Sketch.

ҚҰМ ТЕРАПИЯСЫ

Баланың қиялын, өзін-өзі дамытуда қазіргі замандағы жаңа технологияның ерекше түрі. Құммен жұмыс жасау баланы ашуға тез берілуден, жылауықтықтан , агрессиядан айықтырады және алдын-ала сақтайды. Сонымен қатар қиялын және шығармашылық қабілеттерін дамытады.

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКА

Көркем гимнастика – спорттың бір түрі; музыка сазымен арнаулы затпен (лента, доп, шеңбер, т.б.) немесе затсыз гимнастикалық жаттығулар комбинациялары орындалатын қыздар арасындағы жарыс. Көркем гимнастика шұғылданушылардың дене сұлулығын қалыптастырып, эстетикалық тәрбие береді. Онда толқынды, серіппелі қозғалыс, иіліп, бұралу, денені тік ұстау, би өнеріне тән жүріс, жүгіріс, секіру, халықтық би мен шалқыма би басым келеді.

ШАХМАТЫ

Балаларға шахмат ойынын үйрету олардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытуға зор әсерін береді. Шахмат ойнай білетін бала аз уақытта ойын шоғырландырып, туындаған жағдаятты сараптауға дұрыс шешім шығаруға үйреніп, алдына қойған мақсатына жетуге талпынады.

ЛОГОПЕД

Логопед – баланың анық сөйлеуімен, дыбыстардың дұрыс шығуымен айналысады. Айта алмайтын, тілі келмей жүрген дыбыстарды қояды. Ол үшін түрлі жаттығулар жасалады.

СПОРТТЫҚ ЖЕКПЕ-ЖЕК (КАРАТЭ)

Балаларға арналған каратэ сабақтарына 3 жастан асқан балалар қатыса алады. Бұл кезеңде жоғары білікті жаттықтырушыларымыз баланың қабылдау ерекшеліктері мен психикалық және физикалық дамуын ескере отырып балаға ойын түрінде тыныс алу және төзімділікті арттыру жаттығуларын үйретуден бастайды. Балаларға арналған каратэ – өсіп келе жатқан бала ағзасына ең пайдалы спорт түрлерінің бірі. Баланың ойынды дұрыс қабылдауын, күн тәртібі мен физикалық жүктеме қажеттілігін, дене беріктігін арттыратын негізгі жаттығулар жасай білу қабілетін қалыптастырады.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ШЕБЕРЛІК

Шығармашылық – бұл баланың өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуға іздену. Бала бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеуге, өмірде өз орнын табуға көмектеседі.

.

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКА

Көркем гимнастика – спорттың бір түрі; музыка сазымен арнаулы затпен (лента, доп, шеңбер, т.б.) немесе затсыз гимнастикалық жаттығулар комбинациялары орындалатын қыздар арасындағы жарыс. Көркем гимнастика шұғылданушылардың дене сұлулығын қалыптастырып, эстетикалық тәрбие береді. Онда толқынды, серіппелі қозғалыс, иіліп, бұралу, денені тік ұстау, би өнеріне тән жүріс, жүгіріс, секіру, халықтық би мен шалқыма би басым келеді.

ХОРЕОГРАФИЯ

Балалардың эстетикалық қабілеттерін дамыту, дене қозғалыстарының үйлесімділігін, икемділігін қалыптастыру.

ТҰЗДІ ҮҢГІР

Бала ағзасының дұрыс және толассыз түрде қызмет етіп отыграна арналған қажетті емдік компонент. Медициналық пайдасы өте көп, әсіресе ылғалды және құрғақ жөтел кезінде балалардың қақырығын оңай әрі тез шығуына пайдасы зор.

Бестемше