![](https://urker44.kz/wp-content/uploads/2022/11/cropped-Sarsebayeva-Zhanerke-Abylaikhankyzy-1.jpg)
Меңгеруші: Сарсебаева Жанерке Абылайханқызы
Жұмыс өтілі: 9 жыл
Осы балабақшадағы жұмыс өтілі: 2 жыл
Балабақшаның әдістемелік тақырыбы: «Ұлттық мәдениет пен өнерді қолдана отырып баланың таным және шығармашылық қабілетін дамыту».
Балабақшаның ерекше жақтары:
1. Қазақ этнопедагогикасы түрлерін, оны ұйымдастыру жолдарын, соған байланысты бұл күнде ұмыт бола бастаған атауларды іс-әрекеттерде, күнделікті өмірде, ертеңгіліктерде және тыс уақыттарда қолданылады.
2. Халықтың өмірлік тәжірибеден түйгендерін, бастан кешкендерін, ұқыптылықпен жинаған әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін, даналық асыл ойларын жас ұрпаққа жеткізе біледі.
3. Ата–аналарға қазақтың әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін, ойындарын, этнопедагогика түрлерін дәріптеу мақсатында көптеген іс-шаралар, жиындар, көрмелер, сайыстар өткізіледі.
4. Инновациялық жоба «Бестемше ұлттық ойыны» балалар арасында, «Шашу» оқу танымдылық жобалары өткізілуде.
![](https://urker44.kz/wp-content/uploads/2022/11/Sarsebayeva-Zhanerke-Abylaikhankyzy-1.jpg)