ҚР, Астана қаласы, А.Затаевича көшесі 9/7
+77172386519
urker@inbox.ru

Балабақша туралы

№44 «Үркер» балабақшасы МКҚК

Created with Sketch.

Меңгеруші: Сарсебаева Жанерке Абылайханқызы

Жұмыс өтілі: 9 жыл

Осы балабақшадағы жұмыс өтілі:  2 жыл

Балабақшаның әдістемелік тақырыбы: «Ұлттық мәдениет пен өнерді қолдана отырып баланың таным және шығармашылық қабілетін дамыту».

Балабақшаның ерекше жақтары:

1. Қазақ этнопедагогикасы түрлерін, оны ұйымдастыру жолдарын, соған байланысты бұл күнде ұмыт бола бастаған атауларды іс-әрекеттерде, күнделікті өмірде, ертеңгіліктерде және тыс уақыттарда қолданылады.

2. Халықтың өмірлік тәжірибеден түйгендерін, бастан кешкендерін, ұқыптылықпен жинаған әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін, даналық асыл ойларын жас ұрпаққа жеткізе біледі.

3. Ата–аналарға қазақтың әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін, ойындарын, этнопедагогика түрлерін дәріптеу мақсатында көптеген іс-шаралар, жиындар, көрмелер, сайыстар өткізіледі.

4. Инновациялық жоба  «Бестемше ұлттық ойыны» балалар арасында, «Шашу» оқу танымдылық жобалары өткізілуде.